Үш айда 27 мың елордалық өз еркімен жұмыстан кеткен

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәуір мен маусым айлары аралығында 27 018 елордалық өз еркімен жұмыстан кеткен. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген Нұр-Сұлтан қалалық статистика департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жедел деректер бойынша, Нұр-Сұлтан қаласының ірі және орта кәсіпорындарына 2022 жылдың II тоқсанында 30 027 адам жұмысқа қабылданды. Осы уақытта өз еркімен 27 018 адам қызметінен кетті. Бұл жұмыстан босаған персоналдың 84,7 пайызын құрайды. Кәсіпорынның жабылуы мен қызметтегі қысқартуларға орай жұмыссыз қалған азаматтардың үлесі – 2,1 пайыз. Сонымен қатар өз міндетін атқаруда олқылықтарға жол берген 12,5 пайыз еңбеккер қызметтен босатылған», - деп жауап берді статистика департаментінен.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгінде елорданың Халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде 4873 азамат тіркелген.


Соңғы жаңалықтар