Үш әріп - GGG: Головкинге арнап жанкүйері ән шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық рэп орындаушы Ермек Жұмабекұлы Геннадий Головкиннің кезекті жекпе-жегіне орай арнайы ән шығарып, оған клип түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ермек Жұмабекұлының мамандығы саясаттанушы болғанымен музыкамен де айналысады. Ермек Генаның нағыз жанкүйері. Оған дәлел сүйікті спортшысына осымен үшінші шығармасын арнады. Ол барлық әнінің сөзін өзі жазады. Ермектің рэп стилінде айтатын бұған дейінгі екі туындысы орыс тілінде шықты. Ал үшіншісі күні кеше ғана «Үш әріп: GGG-3» деген атаумен қазақ тілінде жарық көрді. Сонымен қатар рэпке арнап клип те түсіріп үлгерді.
«Іс-шара, концерттер ұйымдастырушысы қызметін атқаратындықтан, музыка саласы жүрегіме жақын, бос уақытымда студияда ән жазамын. Жалпы Геннадийге ән арнап шығару идеясы осыдан бір жыл бұрын пайда болды. Ал, «Үш әріп: GGG-3»-ке келсем рэп шығару туралы ұзақ ойланып жүрдім. Жекпе-жекке екі апта қалғанда қазақ тілінде шығарамын деп шешім қабылдап, іске кірістім. Кеше толық бітіріп, ютуб желісіне жүктедім, - деді ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Ермек Жұмабекұлы.
Г.Головкиннің бірде-бір жекпе-жегін жібермей көретін Ермек, санаулы сағат қалған кезекті айқасты да асыға күтіп отырғанын айтып, боксшыға жеңіс тіледі.
Айта кетейік, бүкіл әлем назары ауып отырған айтулы жекпе-жек 15 қыркүйекте (Қазақстанда 16 қыркүйекте таңертең) Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.
- Димаш пен Данэлия The World's Best шоуының екінші раундында кімдермен бақ сынайды
- Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі
- Қарағандылық балалар салған суреттер Делидегі көрмеде көрсетілді
- Қызылордада республикалық жас ақындар айтысы өтті
-
Талдықорғанда ерекше әдіспен сурет салатын оқушы тұрады
-
Қызылордалық камералық оркестр халықаралық фестивальге аттанды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам