Үш аптада Қазақстанға ПТР анықтамасыз ұшып келген 31 шетел азаматы депортацияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов 6 қазаннан бері Қазақстанға халықаралық әуе рейстері бойынша 426 ұшақ ұшып келгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«6 қазаннан бастап тиісті қаулы талаптарына сәйкес шетелдік азаматтар ПТР тест анықтамасыз әуе бортына кіргізілмеуі тиіс. Алайда олардың кейбірінің анықтамасының уақыты өтіп кеткендіктен немесе кейбірі экспресс-тестпен келгендіктен 31 шетелдік азамат депортацияланды. Депортацияланған 31 жолаушы - Ресей, Украина, Беларусь, Түркия, Германия, Ұлыбританияның елдерінің азаматтары», - деді Сәдуақас Байғабылов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша Қазақстанға халықаралық әуе рейстері бойынша 426 ұшақ ұшып келген. Олардың ішінде 19 рейстен коронавирус жұқтырғандар анықталған.

«Халықаралық әуе рейстеріне жүргізілген мониторинг барысында коронавирус жұқтырған 39 жолаушымен байланыста болған азаматтардан және бортсеріктерден вирус анықталмады», - деді ол.

Еске сала кетсек бүгін ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі ведомствоаралық комиссияның әуе компанияларына ПТР тесті нәтижесі туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешімін түсіндірген болатын. Бұл талап тек шетелдік азаматтарға қатысты. Шетелде жүрген ҚР азаматтарының әуе рейстерімен ПТР тестілеуден өткені туралы анықтамасынсыз отанына оралуға құқығы бар. Мұндай жағдайда Қазақстанға келгеннен кейін қазақстандықтар ПТР тестілеу нәтижесін алғанға дейін карантинге орналастырылатын болады. ҚР өңірлері арасындағы ішкі әуе рейстерінің ұшағына отырғызу кезінде ПТР тест нәтижесі туралы анықтама талап етілмейді.


Соңғы жаңалықтар