Үш адамның ажалы судан болды - Ақмола облысы

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Ақмола облысында 3 адам суға кетті. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

Қайғылы оқиға 28 маусым күні күндізгі сағат 16:00 шамасында Зеренді ауданында тіркелді. Шағалалы су қоймасында суға шомылмақ болып, 1958 жылғы А.Александров суға батып кетсе, дәл сол күні кешкісін сағат 20:00-де осы аудандағы Дороговка котлованына да Кіші түкті ауылының тұрғыны 50 жасар Б.Бралин суға батып кетеді.

Осындай қайғылы оқиға 29 маусым күні түнгі сағат 01:15 шамасында Аршалы ауданында да тіркелді. Мұнда 1968 жылғы Б.Оспанов есімді ер адам Есіл өзеніне ағып кетеді. Құтқару жұмыстарына Астана қаласындағы ҚР ТЖМ Орталық аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағы тартылып, қыздың денесін судан алып шықты.

Соңғы жаңалықтар