Үш адам мерт болған жол апатына кінәлі 5 жылын қоныс колониясында өткізетін болды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы ҚР ҚК 296-бабының 3-бөлігі бойынша сотталғаннан түскен аппеляциялық шағымы бойынша қылмыстық істі қарады.

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Сотта белгілі болғандай, Ерейментау аудандық сотының үкімімен сотталған У. ҚР ҚК 296-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған жәбірленушілерге моральдық шығынын өтеумен, қоныс-колониясында 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Астана қаласына бағыт алған сотталушы У. жол жүрісі қағидасының ережелерін бұза отыра, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, қарама-қарсы келе жатқан автокөлікке соқтығысқан. Соның салдарынан жүргізуші мен оның екі жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Сотталған өз аппеляциялық шағымында үкімді өзгертуді және оған шартты түрде жаза тағайындауды сұрады.

Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы азамат У-ға қатысты сот үкімін өзгеріссіз, ал сотталғанның апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды.

Соңғы жаңалықтар