Үш адам қаза болған Көкшетаудағы жол апаты: Жүргізуші қамауға алынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 3 адамның өмірін қиған жол апатына байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, жол апаты 27 мамыр күні таңертеңгі сағат 7 шамасында Бурабай ауданы аумағындағы «Астана-Көкшетау» тасжолының бойында болған. «Hyundai Grand Starex» минивен жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, бос тұрған көліктік бақылау бекетінің ғимаратына соғылды. Жол апатынан машинада отырған 3  адам оқиға орнында көз жұмса, тағы 4 адам аудандық аурханаға жеткізілген болатын.

«Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Әсем Әдірахманова.

 

 

Соңғы жаңалықтар