USAID Қазақстанда мигранттардың құқығын қорғау науқанын өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 18 желтоқсан Халықаралық мигрант күні болып белгіленген, бұл маңызды күнді атап өту үшін АҚШ үкіметі Халықаралық даму агенттігінің (USAID) Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон жобасы арқылы Қазақстандағы мигранттардың құқығы туралы ақпаратты насихаттайтын онлайн науқан бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Миграция – адамның лайықты, қауіпсіз және бейбіт өмірге ұмтылысына негізделген жаһандық процесс. Отаннан кету – көп жағдайда мәжбүрлі шешім болып саналады және қауіпті жолдың басталуын білдіреді.

Биыл COVID-19 пандемиясы кезінде шекаралардың жабылуынан Орталық Азиядағы көптеген мигранттар қиындыққа тап болды. Олар жұмысқа, тамаққа, денсаулық сақтау жүйесіне және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізе алмай, күрделі жағдайда қалды.

Мигранттардың өз құқықтары туралы хабардар болуын арттыру үшін және олар кезігетін қиындықтарға назар аудару үшін Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон жобасы Қазақстан халқын мигранттарға қасаң стереотиптер призмасынан емес, адам құқықтарының қағидаттары мен нормалары арқылы қарауға шақырады. Науқан 18-25 желтоқсан күндері өтеді және онда әлеуметтік желілердегі көшбасшылармен түрлі іс-шаралар жүргізіледі.

Науқанға барлық адамдар қосыла алады және #МыРавны, #Мывсемигранттар, ағылшын тілінде #WeEqual және #WeAllMigrants хэштегтері арқылы өз оқиғаларын жаза алады.


Соңғы жаңалықтар