USA TODAY: Қазақстан Лондонда 6 алтын алуы мүмкін

None
None
АСТАНА. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Лондон Олимпиадасы басталса,  қай спортшы жүлдеге қол созатындығы жайында америкалық USA TODAY басылымы терең үңіліп, әр елдің әр спортшысына жеке тоқталыпты.

АҚШ еліндегі әріптестеріміз Қазақстан Лондонда 6 алтын, 3 күміс, 3 қола алып, жалпы есепте  24 орынға тұрақтайтынын топшылап отыр, деп жарияланған «Аламан» ұлттық спорт порталында.

USA TODAY агенттігі бүкіл қазақ жанкүйерлері алтын алады деп отырған Илья Ильин украиналық Артем Ивановқа есе жібереді деп болжапты. Есесіне, Мая Манеза мен Светлана Подобедова Лондонда чемпион болады дейді америкалықтар. Ал Зүлфия Чиншанло түрік Айлен Дастелинге жол беріп, күміс алады-мыс.

Америкалық журналистер Светлана Подобедова Парижде кеткен есесін Лондонда қайтарады депесептейді.

Боксшылардан Серік Сәпиевтің алтын алатынына америкалық әріптестеріміз сенімді. Ал Әділбек Ниязымбетов пен Ғани Жайлауов қолаға қол созуы мүмкін.

Дзю додан Максим Раковқа Лондонда ешкім тең келмейді. Ал грек рим күресінен Алмат Кебіспаев чемпион болады. Қоржында бес алтын болжам бойынша. Ал үш қарғып секіруден Ольга Рыпакова да алтынға үміті бар. Міне, америкалық басылымның Қазақстанға тиесілі 6 «алтыны».

Сондай-ақ Жұлдыз Ишимова (әйелдер күресі) күміс, НұрмаханТыналиев (грек римкүресі) қола алады деген қорытынды жасап отыр USA TODAY.

«USA TODAY: Жалпы есепте, АҚШ топ бастап, Қытай екінші, Ресей үшінші орынға тұрақтамақ. Ал өзбек 2 алтын, ал тәжіктер 1 қолаға қол созуы бек мүмкін. Қырғыздарға Лондоннан жүлде бұйырмайды. Тағы бір айта кетерлігі, мамандар бұл зерттеуді әлемдік додалардың негізінде жасап отыр. Және зерттеу бейресми екенін ескертеміз»,-делінген «Аламан» порталында.

Соңғы жаңалықтар