US Open: Михаил Кукушкин негізгі турнирге өте алмай қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 129-ракеткасы Михаил Кукушкин US Open жарысының негізгі турниріне өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іріктеу сайыстарының 13-ракеткасы болып тіркелген М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 150- ракеткасы, франциялық Антуан Оанмен кездесті.

Қазақстандық теннисші бірінші сетте қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:0.

Екінші партияда тай-брейкте А.Оанның жолы болды – 7:6 (8:6).

Франциялық спортшы үшінші, шешуші сетте жеңісті жұлып әкетті – 7:5.

Тартысты матч 2 сағат 42 минутқа созылды. Бәсеке барысында М.Кукушкин 4 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыласы 4 эйс, 2 брейкке қол жеткізді.

Осылайша US Open додасында ерлер арасында жекелей сында Қазақстаннан әлемнің 37-ракеткасы Александр Бублик қана өнер көрсететін болды. Оның қарсыласы – рейтингте

134-сатыдағы германиялық Янник Ханфманн.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің US Open турнирінің іріктеу сайысының финалына шыққанын, сондай- ақ қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Заңғар Нұрланұлы Мажарстанда өткен жарыстың жеңімпазы атанды.

Соңғы жаңалықтар