US Open: Қазақстандық теннисшілер қанша табыс тапты

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ ашық чемпионатында өнер көрсеткен сегіз қазақстандық теннисшінің қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жекелей сында үшінші айналымға жеткен ұлттық құрама көшбасшысы Елена Рыбакина 191 мың АҚШ доллары (88,59 млн теңге) көлемінде сыйақы алды.

Жекелей және жұптық сында алғашқы айналымнан аса алмаған Юлия Путинцеваның көрсеткіші - 103,5 мың доллар (48,01 млн теңге).

Миксте чемпион атанып, жұптық сында екінші айналымға өткен Анна Данилинаның табысы - 103,4 мың доллар (47,96 млн теңге).

Жекелей сында бастапқы кездесуінде-ақ жеңіліп қалған Александр Бублик пен Тимофей Скатовтың үлесіне 81,5 мың доллардан (37,8 млн теңге) тиеді.

Жекелей сында іріктеу турнирінің екінші айналымына жеткен Михаил Кукушкиннің еншісінде - 34,5 мың доллар (16 млн теңге).

Жұптық сында екінші айналымға өткен Андрей Голубев 18,4 мың долларға (8,53 млн теңге) ие болды.

Жұптық сында алғашқы айналымнан қайтқан Александр Недовесов 11 мың доллармен (5,1 млн теңге) шектелді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Үлкен дулыға» турнирінде Новак Джоковичтің 24-інші рет чемпион атанғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар