US Open: Елена Рыбакина үшінші айналымға өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған, өткен жылы осы жарыстың ширек финалына дейін жеткен аустралиялық Айла Томляновичпен кездесуі керек еді.

Аустралиялық спортшы матчқа келуден бас тартты да, Е.Рыбакина ойнамастан үшінші айналымға жолдама алды.

Елена Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен таласады. Ол екінші кездесуінде рейтингте 89-сатыдағы ресейлік Анна Калинскаяны қапы қалдырды – 6:3, 6:4.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастағанын жазған едік.

Юлия Путинцева екінші айналымға шыға алмады.

Сондай-ақ Тимофей Скатов жарыс жолынан шығып қалды.

Жібек Құламбаева Чехиядағы жарыстың ширек финалына шықты.


Соңғы жаңалықтар