+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

US Open: Даниил Медведев алғаш рет чемпион атанды

2021 жылғы 13 қыркүйек 10:21
Бөлісіңіз:
US Open: Даниил Медведев алғаш рет чемпион атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейлік теннисші, әлемнің 2-ракеткасы Даниил Медведев US Open турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Канаданы жеңіп, ширек финалға шықты Теннистен Дэвис кубогы: Кукушкин Қазақстан - Канада матчын жеңіспен бастады Теннис: Анна Данилина Дубайдағы  жарыстың жеңімпазы атанды

Ресейлік спортшы финалда әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джоковичті 6:4, 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

Жарыс барысында Медведев қарсыластарына 1 сет қана берді.

Финалдық матч 2 сағат 15 минутқа созылып, ресейлік теннисші 16 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

Қарсыласы 6 эйс, 1 брейктен (6 брейк-пойнт) аса алмады.

Осылайша Д.Медведев өз спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы атанды.

Бұдан бұрын ресейлік теннисші екі рет финалға шығып, жеңіліп қалған еді. Соның ішінде биыл ақпанда Аустралия ашық чемпионатында Н.Джоковичке есе жіберді.

Биыл Аустралия біріншілігіне қоса Ролан Гаррос және Уимблдонды ұтқан Н.Джокович соңғы «Үлкен дулыға» жарысында ғана сүрінді.

Д.Медведев – теннис тарихында осындай үлкен табысқа қол жеткізкен үшінші ресейлік спортшы.

Бұдан бұрын Евгений Кафельников 1996 жылы Ролан Гарроста, 1999 жылы Аустралия чемпионатында, Марат Сафин 2000 жылы US Open, 2005 жылы Аустралияда үздік атанған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің Украинада өткен жарыста чемпион атанғанын, US Open турнирінде 18 жастағы теннисшінің чемпион атанып, рекордтық нәтижеге қол жеткізгенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT