US Open: Андрей Голубев жұптық сында ширек финалға шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында US Open турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш «Үлкен дулыға» жарысында 15-інші жұп болып тіркелген Андрей Голубев пен германиялық Андреас Мьес үшінші айналымда осы турнирдің 3-ракеткалары, франциялықтар Пьер-Юг Эрбер – Николя Маюмен күш сынасты.

Бірінші партияда қазақстандық-германиялық жұп өз шеберліктерін таныта білді – 6:4.

Екінші сетте франциялықтар есеп 6:5 болған мезетте брейк жасап кетті – 7:5.

Үшінші, шешуші партияда есеп 3:2 болғанда, франциялық жұп тағы да брейк жасады. Ақыры осы басымдылықты уысынан шығарған жоқ – 6:3.

2 сағат 19 минутқа созылған тартысты матч барысында Голубев пен Мьес 8 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыластары 3 эйс, 3 брейкке (11 брейк-пойнт) қол жеткізді.

П.Эрбер мен Н.Маю ширек финалда аустралиялық Джон Пирс – словакиялық Филип Полашек немесе нидерландылықтар Уэс Колхоф – Жан-Жюльен Ройер жұптарының қай жеңгенімен кортқа шығады.

Бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова аралас жұптық сында франциялық Фабрис Мартенмен ширек финалға өткен болатын. Бұл жұп жартылай финалға шығу үшін украиналық Даяна Ястремская – аустралиялық Макс Перселмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын US Open турнирінде Андрей Голубев пен Ярослава Шведованың сәтті өнер көрсетіп жатқанын, Григорий Ломакиннің Украинадағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Қазақстан чемпионатында 100-ден астам спортшы бақ сынайды.




Соңғы жаңалықтар