Үржарлық жастар туған ауылына ерекше саябақ салып берді

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданына қарасты Жанай ауылының жастары ауылдастарына балаларға арналған саябақ салып берді. Бастама «Туған жер» бағдарламасы аясында Астананың 20 жылдығына орайластырып іске асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жастардың бастамасымен жасалған істі ел игілігіне беру үшін жанайлықтар құны 5 млн теңгеге заманауи жабдықталған саябақ салып берді.

Саябақтың ашылу салтанатына қатысқан Үржар ауданы әкімінің орынбасары Серікқазы Сәдуақасов тұрғындарды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Астана қаласының 20 жылдығы қарсаңында ашылған саябақ жанайлықтардың сүйікті демалыс орнына айналатынына сенеміз»,- дейді Серікқазы Сәдуақасов.

Айта кетерлігі, саябақта балаларға арналған ойын алаңы мен әткеншектер, спорттық жаттықтыру кешені орналастырылған. Бұдан бөлек сахна, демалатын орындықтар, күнқағарлар (беседка) қойылған.

Аталмыш округ әкімі Әсет Баймұрзаевтың айтуынша, таяу арада «Қожанасыр» ертегі әлемінің кейіпкерлерінің мүсіндері келушілердің назарына ұсынылмақ.

Ауыл ақсақалдары саябақтың ашылу барысында аудан басшысы Серік Зайнулдинге, Егінсу ауылдық округінің әкімі Әсет Баймұрзаевқа алғыстарын жаудырды.

Айта кетейік, жалпы ауданда балаларға арналған ойын алаңшаларының саны жыл санап артып келеді. 

Соңғы жаңалықтар