Үржар жастары концерт ұйымдастырып, түскен ақшаға қайырымдылық көрсетті

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының жастары қасиетті Рамазан айында «Қайырымдылық пен жомарттылық» атты кеш ұйымдастырып, оған жиналған қаражатқа көмекке зәру бірнеше отбасыға  көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, Үржар аудандық «Жастар ресуртық орталығы» мен орталық мешіт жанынан құрылған жастар кеңесі мәдениет үйінде қайырымдылық концерт ұйымдастырып, оған барлық аудан тұрғындары шақырылған болатын.

Қайырымдылық шарада жергілікті өнерпаздар ән айтып, би билесе, ауданның белсенді жастары Рамазан айы туралы көріністерін көрсетті.

Концерттен жиналған қаражатқа көмекке мұқтаж отбасыларға ұн, май, қант, шәй секілді күнделікті қажетті азық-түліктер тарту етілді. 
null null null 

«Рамазан - айлардың ең қайырлысы, уақыттың ең қасиеттісі де киелісі. Бұл айдың тағы бір ерекшелігі - тамақ пен сусыннан тыйылу арқылы өзге мұқтаж адамдардың жағдайларын бастан өткеріп, олардың Рамазаннан да бөлек күндердегі күйлерін шынайы сезіне түсу. Сол себепті аудандық мешітпен бірлесіп қайырымдылық концерт ұйымдастырып, жағдайы төмен отбасыларға көмектесуді жөн көрдік», - дейді «Жастар ресурстық орталығының» директоры Фархат Сүлейменов.  

Жоққа көмектесіп, жомарттық жасаған мол сауапқа кенелері һақ. Рамазан айында қайырымдылық қадамына барған аудан жастарына көмек көрсеткен отбасылар алғысын жаудырды.
null null 

 

Соңғы жаңалықтар