Үржар ауданында жоғалған балықшының денесі табылды – ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында балықшы суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушыларға Сасықкөл көлінде 23 жастағы балықшының жоғалып кеткені туралы хабар түсті. Белгілі болғандай, ер адам 4 қарашада кешкі сағат 20.00-22.00 аралығында қайықпен балық аулауға шығып, сол күйі қайтып оралмаған.

«ТЖД қызметкерлері мен полицейлер балықшыны түн ортасына дейін іздегенімен еш нәтиже шықпады. 5 қараша күні оқиға орнына №17 өрт сөндіру бөлімшесінен 5 адам мен «КУНГ» автокөлігі жұмылдырылды. 6 қарашада Өскеменнен сүңгуірлер келіп жетті. Сол күні жағалаудан 1 шақырымдай қашықтықта мұз астынан балықшы қайығының бензин багы табылған», - делінген ақпаратта.

Құтқарушылар, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен тұрғындар бірлесіп жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде 7 қарашада судан ер адамның мәйіті табылды.


Соңғы жаңалықтар