Үржар ауданы жаңадан құрылатын Абай облысының құрамына кіреді – мәслихат

None
None
ҮРЖАР. ҚазАқпарат – Үржар ауданының жаңадан құрылатын Абай облысы құрамына кіруін жергілікті мәслихат депаутаттары қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихат депутаты Зухра Тұрапованың айтуынша, бүгін мәслихаттың кезектен тыс 14 сессиясы өтті.

«Сессияда 2021-2024 жылдарға арналған аудан бюджетіне өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ Қабанбай мен Бақты ауылдарының Бас жоспарлары бекітілді. Қаралған ең негізгі мәселе – Үржар ауданы әкімшілік-аумақтық құрылысын жаңадан құрылатын Абай облысына беру туралы ұсыныс. Мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдадық», - дейді Зухра Тұрапова.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынған болатын. Жергілікті жұрт бұл өзгерісті қолдаған еді.


Фото: zheruiyq.kz
Соңғы жаңалықтар