Ұрылар дүкен қабырғасын бұзып, 56 млн. рубльге бағаланған алтын бұйымдарын қолды етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чита қаласының полициясы зергерлік дүкеннен 56 млн рубльге бағаланған алтын бұйымдарын әкеткен ұрыларды іздестіруде, деп жазады ТАСС.

«Ленин көшесіндегі Орталық ауданда белгісіз біреулер жертөледегі кірпіш қабырғаны бұзып, дүкеннің ішіне кірген», - деп хабарлады Ресей ІІМ баспасөз орталығының өкілі.

Келтірілген шығын сомасы 56 млн. рубльге бағаланған. «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар