+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

«Ұрпағына ұран болған аналар» атты кітап жарық көрді

2021 жылғы 3 сәуір 18:32
Бөлісіңіз:
«Ұрпағына ұран болған аналар» атты кітап жарық көрді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жазушы Шәрбану Бейсенованың «Ұлы дала арулары» деген серия аясында «Ұрпағына ұран болған аналар» атты үшінші кітап қалың оқырманға жол тартты. Осыған дейін «Сүйінбике», «Бозоқ аруы» атты туындылары басылып шыққан еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астраханда Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған кітап таныстырылды

«Бұл еңбекте тарихымызда есімі ерекше аталатын аяулы аналарымыз бен ару қыздарымыздың ұлтқа үлгі, ұрпаққа өнеге болатын тағылымдары және елдік мүдде жолындағы игілікті істері кеңінен қамтылып жазылған. Соның ішінде Бөрте ханым, Қызай, Абақ, Қарқабат аналарымыз туралы құнды деректер келтірілген. Елдік істерге араласып, отбасының ғана емес, тұтас ұлттың ұйытқысы бола білген Рәбия Сұлтан бегім, Жаған бике ханым, Бопай ханым сияқты тарихи тұлғаларымыз да назардан тыс қалмаған», - деп жазды ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook парақшасына.

Оның айтуынша, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасады.

Өйткені мұндай туындылар – ұлттың шежіресінен сыр шертетін тарих қана емес, жас буынға айтар өсиеті мол қымбат қазына.

«Жаңа кітапты көпшілікке таныстыру рәсімі Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалында өтті. Сол жерде Тұрсын Жұртбай, Сауытбек Абдрахманов, Жанболат Аупбаев және басқа да қаламгерлер сөз сөйлеп, еңбектің алдағы жалғасы жөнінде өз ұсыныстарын білдірді. Осы ретте туындының тұсаукесер рәсімін ұйымдастырған Жазушылар одағының елордалық филиалына, оның басшысы Дәулеткерей Кәпұлы бауырымызға, Әлібек Асқаров ағамызға және осы еңбектің жарық көруіне атсалысқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Асыл текті әзиз аналарымыз жайындағы жаңа кітаптың оқырманы көп болсын», - деп жазды Мәулен Әшімбаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT