Ұрпағымыз осы референдумның игілігін көрсе екен – Илья Жақанов

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов референдум учаскесіне келіп, дауыс берді. Композитор, өнер зерттеушісі «Халықтың бүгінгі референдумдағы таңдауы әділ болып, ұрпағымыз оның игілігін көрсе екен» деген пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері бүгінгі бүкілхалықтық референдумнан тыс қалуды жөн көрмеген.

«Бұл референдумның Қазақстан халқы үшін маңызы өте зор. Біз – Ата Заңымызды ерекше құрмет тұтатын халықпыз. Сол себептен, дауыс беру – ел үшін, қоғам үшін қажет қадам. Бұл – бүгініміз бен болашағымыз үшін ерекше мәнге ие. Халықтың бүгінгі таңдауы өздері үшін игілікті, әділ әрі әділетті болса екен. Осы референдумның нәтижесінде Қазақстанымыз жан-жақты дамып, көркем елге айналса екен деген тілегім бар. Ұрпағымыз осы референдумның игілігін көрсе екен», - деді Илья Жақанов.

Айта кетейік, Атырау қаласында тұратын Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов №7 учаскеде тіркелген. Мұнда дауыс беруге келушілерді шұбатпен күтіп алады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Атырау перзентханасында жас босанған аналар дауыс бергенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар