Урологтар 90 жастағы тыл ардагеріне күрделі операция жасады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы дәрігерлері 90 жастағы тыл ардагеріне күрделі операция жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Күрделі отаны Б.О Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының дәрігерлері жасады. Дәрігерлер 90 жастағы тыл ардагерінің қуығынан алты бірдей тас алды.

90 жастағы Мұқанов Игенқұл зәр шығару жүйесінің қиындауы мен қуығының сыздап ауруы мазалап Урология ғылыми орталығына келген. Бұған дейін пациент емханалық жағдайда емделген. Көптеген аурухана дәрігерлері науқастың жасын, қосымша ауруларын ескеріп, Урология ғылыми орталығына жіберген. Мұндағы білікті дәрігерлер мен профессорлар қарияның қуығында тас жиналып қалғанын анықтап, 16 сәуір күні күрделі операция жасады.
null

«Операцияны андрология бөлімінің дәрігері Хахазов Якуб екеуіміз жасадық. 2 сағатқа созылған операция нәтижесінде науқастың қуығынан 6 тас алынды. Көпшілікті қуықтағы тастың неден пайда болатыны толғандырады. Оның көптеген себептері бар, аденома, қуық мойынының беріштенуі, простата безінің ісігі, түрлі үрпі жарақаттары әсер етуі мүмкін. Адам ағзасында зәрдің тежелуі секілді құбылыстар байқалып, белі мен шабы, қуық аймағы ауырады. Мұндай жағдайда дереу дәрігерге қаралған жөн. Үйде өздігімен емделу, тек қана ауруды асқындырады. «Ауру - астан» демекші, тамақтану тәртібін қадағалап отыру керектігін біз халыққа үнемі ескертеміз» - деді қарияны емдеуші-дәрігері, уролог-андролог Әлижан Қожамжаров.

Урология ғылыми орталығында тиісті ем шараларын қабылдаған қарияның денсаулығы қазір бірқалыпты.
null

Жеңіс күні қарсаңында Урология ғылыми орталығының ұжымы атынан Басқарма басшысының клиникалық істер бойынша орынбасары Шарафаддин Мұxамедұлы мен Андрология бөлімінің дәрігерлері қарияны алдағы мерекемен құттықтап, ауруханадан салтанатты түрде шығарып салды.

Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы Жеңіс күні қарсаңында көнекөз қарияларға арнап 22 сәуір мен 5 мамыр аралығында Ашық есік күні акциясын өткізбек. Орталық басшылығы соғыс ардагерлеріне және тылда еңбек еткен жандардың денсаулығын қарауға барынша күш салмақ.

null

Соңғы жаңалықтар