Үрмелі матрасқа мінген 3 қыз Каспий теңізінде түнеді

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда үрмелі матраспен теңіз ортасына ағып кеткен үш қыз бір түннен кейін табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін таңғы сағат 6 шамасында «Қазтеңізкөлікфлоты» ЖШС «Сұңқар» кемесінің экипажы теңіз жағалауынан 22 шақырым қашықтықта 3 қызды құтқарды», - делінген баспасөз мәліметінде.

Қыздардың денсаулық жағдайы тұрақты, оларға медициналық көмек көрсетілген.

Еске салсақ, кеше Каспий теңізінде үрмелі матрасқа мінген үш қыз іздестіріліп жатқанын жазған едік. Құтқару жұмыстарына тікұшақ та тартылды.


Соңғы жаңалықтар