+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ұрлықтың жасалуына жол берген жолсеріктерге айыппұл салынды

2020 жылғы 6 ақпан 12:34
Бөлісіңіз:
Ұрлықтың жасалуына жол берген жолсеріктерге айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұрлықтың жасалуына жол берген жолсеріктерге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас көлік прокуратурасының сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Астанада мас тұрғын дүкеннен әйелдер киімін ұрлап кетті

«Шу, Достық көлік прокурорлары телефон және басқа да жеке заттардың ұрлығын пойыздарда «билетсіз жолаушылар» жасайтынын анықтаған. Осыған кінәлі жолсеріктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚТЖ-ға алдын-алу шараларын күшейту туралы ұсыну енгізілді», делінген хабарламада.​

Бұл мәліметі Бас көлік прокуратурасының 2019 жылғы жұмысын қортындылауда жария етілді. Ведомство қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайды анықтау жұмысын күшейткен. 2019 жылғы жұмыстың нәтижесінде прокуратура және қылмыстық қудалау органдары 1 112 ұсыным енгізген. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 10% -ға көп.

«Осындай негіз бойынша сотта 26 жеке қаулы шығарылып, олардың 13-і мемлекеттік айыптаушының өтінішімен қабылданған.​ ​Олар бойынша 240 тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 5 - әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 25 қызметкердің еңбек шарты бұзылған», делінген хабарламада. Бұл шешімді қабылдауға мынадай факторлар әсер еткен: жолаушы мен жүкті тасымалдау ережесін бұзу, күзет құрылымдарына ведомстволық бақылауды тиісінше жүргізбеу, бейнебақылау құрылғысының жетіспеуі, жарықтандырудың жоқтығы, «есепке алынған» тұлғаларға тиісті бақылау жасамауы және тағы басқалар.​ ​ ​

«Семей көлік прокуратурасы қылмыстық істі зерделеу барысында құны 60 мың теңге тұратын ұрланған ұялы телефонды ломбард 10 мың теңге несиеге кепіл ретінде алғанын анықтады.​ ​​Ломбард қызметкері телефонның иесінің құқықтық құжаттын тексермей, қылмыскерге ұрланған мүлікті сатуына мүмкіндік берген. Осы факті бойынша уәкілетті орган тиісті тексеру жұмыстарын жүргізуде», делінген хабарламада.

Көкшетау көлік прокуратурасы «есепке алынған» тұлғаға тиісті түрде пробациялық бақылау жүргізбегенін анықталды, яғни​ қауіпті қылмыскер 2019 жылғы 18 желтоқсанда түнгі уақытта мас күйде бір топ адаммен бірге тонау жасаған жерінде ұсталған.​ ​

Пробация қызметінің материалдарын зерделеу барысында бұл қауіпті қылмыскер осы жағдайға дейін 12 рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны және тараптардың татуласуына байланысты 5 рет қылмыстық жауаптылықтан босатылғаны анықталды.​

Екінші күдікті де меншікке қарсы бірнеше рет қылмыс жасаушы (ұрлық, тонау) тұлға ретінде пробациялық есепте тұрған.

Қазір, көлік прокуратурасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты қызметтегі әрекетсіздік және салғырттық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеу мәселесі қарастыруда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT