Ұрланған Мерседес жол апатына ұшырады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматыда ұрланған Мерседес автокөлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматының Бостандық ауданында ұрланған «Мерседес» көлігі жол апатына ұшырап, оқиғадан әйел адам зардап шекті.
null 

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты Новои мен Торғайыров көшесінің қиылысында болған. Мерседес Торайғыров көшесімен солтүстік бағытқа қарай бара жатқан. «Хюндай Санта Фе» Новои көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. «Мерседес» көлігі бағдаршамның тоқтату белгісіне қарамастан, жолды кесіп өтпек болған.
null 

Жол апатынан Хюндай көлігінің жүргізушісі зардап шекті. Мерседесті ұрлаған күдікті мас күйінде ұсталып, оқиға орнында барлық кінәсін мойындады.      

Соңғы жаңалықтар