«Үркер» сыйлығының үміткерлері қызыл кілем үстімен жүріп өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баспа, радио және интернет журналистикасы саласындағы «Үркер-2017» ұлттық сыйлығының үміткерлері қызыл кілем үстімен жүріп өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null
null
Салтанатты сыйлықты табыстау шарасына Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары және журналистика саласының беделді өкілдері шақырылды. Сондай-ақ, бүгінгі кешке ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, сенатор Дариға Назарбаева, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы және Астана әкімі Әсет Исекешев келеді деп күтілуде.
null null 

Еске сала кетсек, мамыр айының басында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев журналистерді Баспа, радио және интернет журналистика  саласындағы тұңғыш «Үркер» ұлттық сыйлығына қатысуға шақырған еді. Байқауға қатысу туралы өтінімдер 7 мамыр мен 10 маусым аралығында  El.kz сайты арқылы қабылданды.

Ұсынылған дүниелерді белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен кәсіби журналистерден құралған қазылар алқасы сарапқа салды және 15 номинация бойынша жүлдегерлерді анықтады.
null null 

Байқау жеңімпаздары естелік мүсінше мен 1 000 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болады.

Сыйлық құрылтайшысы - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, ұйымдастырушы - «Қазконтент» АҚ.
null 

Соңғы жаңалықтар