+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

«Үркер» мен «Тұмар» сыйлықтарына «Шетелдегі қазақтілді БАҚ» номинациясын қосу ұсынылды

2021 жылғы 12 наурыз 17:03
Бөлісіңіз:
«Үркер» мен «Тұмар» сыйлықтарына «Шетелдегі қазақтілді БАҚ» номинациясын қосу ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов шетелдегі қазақтілді БАҚ-ты қолдау мәселелерін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі арқылы елімізде жыл сайын ұйымдастырылатын «Үркер» ұлттық сыйлығы мен «Тұмар» ұлттық телевизиялық сыйлығына шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа арналған жеке номинация тағайындауды ұсынамыз. Былтыр «Отандастар қорының» ұсынысымен «Үркер» сыйлығы аясында «ҚазАқпараттың» 100 жылдығына арналған 1 миллион теңгелік сыйлық Моңғолиядағы «Кaznews.mn» сайтына берілді. Енді осы ұлттық сыйлықтардың бір номинациясы жыл сайын тұрақты түрде шетелдегі қазақтілді БАҚ өкілдеріне беріліп отыруын сұраймыз», - деді М. Сарбасов Отандастар қоры жанындағы қоғамдық комиссия отырысында.

Сонымен бірге 2021 жылы шетелдегі қазақтілді БАҚ-тың бірлестігі құрылмақ. Осы бірлестік арқылы жылына бір рет әлемдегі қазақтілді БАҚ өкілдерінің пленарлық отырысын өткізіп, өзекті мәселелерді талқылап, өзара тәжірибе мен ақпараттық өнімдер алмасу ұсынылды.

«Ақпарат комитетінің мәліметінше, «Qazaq TV» телеарнасы 120 елдегі спутниктік және кабельді телеарналарға қосылған. Көрші Ресейде 39 кабельді топтамаға, ал «Хабар 24» телеарнасы ақылы кабельді арналардың 30 операторлық топтамасына енгізілген. Шетелдегі этникалық қазақтар тарапынан «Qazaq TV» және «Хабар 24» телеарналарынан атамекенге көшіп келіп жетістікке жеткен, үлгі алатын қандастар туралы танымдық, тағылымдық бағдарламалар, қазақ тілі мен домбыра тартуды үйрететін және тағы басқа арнайы хабарлар ашылса деген ұсыныстар мен өтініштер көптеп түсуде», - дейді Мағауия Сарбасов.

Бұған дейін спикер шетелдегі қазақтілді БАҚ-ты қолдау мәселелерін көтерген еді.

https://www.inform.kz/kz/shet-elderde-kazak-tilinde-kansha-bak-bar_a3763587


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT