«URKER-2022» Ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау 19 қазанға дейін жалғасады

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER – 2022» Ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат байқаудың ресми сайтына сілтеме жасап.

Республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар бәйгеге қатыса алады.

Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 30 қыркүйектен бастап 19 қазанға дейін жүзеге асырылады.

Конкурстық жұмыстар 2021 жылғы 2 маусым мен 2022 жылғы 29 қыркүйек аралығында жарияланып, басылымда, интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирге шығуы тиіс. Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы.

Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 10 номинация бойынша қабылданады:

Жылдың үздік сұхбаты

Жылдың үздік репортажы

Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал

Жылдың үздік журналистік зерттеуі

Жылдың үздік аналитикалық материалы

Халықаралық тақырыптағы үздік материал

Жылдың үздік жаңалықтар порталы

Радиостанциядағы үздік жоба

Жылдың үздік фотосуреті

Үздік өңірлік БАҚ

Арнайы сыйлықтар:

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы арнайы сыйлық (баспасөз БАҚ жобасы)

Шерхан Мұртаза атындағы арнайы сыйлық (авторлық жоба)

Батыр Қазыбаев атындағы арнайы сыйлық (интернет БАҚ жобасы)

Қазылар алқасының құрамына елдің медиа саласын дамытуға елеулі үлес қосқан белгілі медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді.

Әр номинацияның үздік өкіліне Сыйлық жеңімпазы атағымен бірге «Urker-2022» естелік мүсіншесі және 1 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйақы беріледі.

Шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырады.

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Urker-2022» ұлттық сыйлығын (бұдан әрі– Сыйлық) ұйымдастыру және өткізу мақсаты баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы и талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканы дамытуға қосқан үлестерін тану және шығармашылықтарына кеңінен қоғамның назарын аудару болып табылады.


Соңғы жаңалықтар