URKER-2021: ҚазАқпарат «Жылдың үздік жаңалықтар порталы» атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER-2021» Ұлттық бәйгесінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

inform.kz сайты «Жылдың үздік жаңалықтар порталы» аталымында жеңіске жетті.

Марапатты ҚР Президенті телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаева табыс етті.

«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында осындай марапат алу – тұтас «ҚазАқпарат» акционерлік қоғамы үшін үлкен құрмет. Журналистерге, оқырмандарға, әділ қазы алқасына үлкен алғыс айтамыз. Көп рахмет сіздерге!», - деді «ҚазАқпарат» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Умаров

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» АҚ – Қазақстанда бірінші болып халықаралық дәрежеге ие болған жетекші мемлекеттік ақпарат агенттігі.

ҚазАқпарат 100 жылдан астам уақыт ішінде саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және қоғамның басқа да маңызды салалары туралы сенімді және жедел ақпарат таратып келеді.

ҚазАқпараттың қызметі қазақ, орыс, ағылшын, қытай және өзбек тілдерінде жүргізіледі, шетелдерде тұратын отандастарға қазақ тіліндегі жаңалықтар үшін латын графикасы мен араб төте жазуымен таралады.

Бүгінде ҚазАқпарат пайдаланушыларының географиясы 229 елді қамтиды.

Былтыр, 2020 жылы «ҚазАқпарат» агенттігі 100 жылдық мерейтойын атап өтті.

Айта кетейік, «URKER-2021» Ұлттық бәйгесі биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Байқау 11 номинация бойынша өткізілуде, оған «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал» номинациясы қосылды.

Журналистерден жалпы саны 340 жұмыс келді, ал үздік жұмыстарды беделді журналистер, еліміздің шығармашылық интеллигенциясының өкілдері мен халықаралық медиаэксперттерден құралған қазылар алқасы анықтады.

Көрермендер марапаттау рәсімін urker-awards.kz ресми сайтынан тікелей эфирде тамашалай алады.



Соңғы жаңалықтар