Үрімжіде 25 жастағы қазақстандық қаза тапты

None
None
БЕЙЖІҢ-ҮРІМЖІ. ҚазАқпарат - ҚХР-ның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі (ШҰАӨ) Үрімжі қаласында қазақстандық 25 жастағы азамат Ербол Суханов қаза тапты. Ол «Әдемі» дәмханасында кассир болып жұмыс істеген.

Сағат 15:00-де жергілікті полиция учаскесіне дәмхана иелері Қабыл Шалқар мен Болат Жақыпов келіп, жігіттің өзіне-өзі қол салғаны туралы айтты. Олардың айтуынша, ол 14 наурыз күні шамамен сағат 8-де соңғы үш күнде тұрып жүрген қонақүйдің артқы ауласында асылып қалған.

Олар Е.Сухановтың 100 мың долларды ұрлағанын анықтағанын, бұл жайт бейнебақылау таспасындағы жазбамен расталғанын айтты. Е.Суханов оларға ақшаны қайтаратыны туралы қолхат толтырып берген.

Полиция Е.Сухановқа қатысты зорлық әрекеттерінің белгілерін анықтаған жоқ. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қаза тапқан азаматтың ата-анасы ШҰАӨ-нің аумағына кіріп, баласының денесін алып кету үшін құжаттарды ресімдеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар