Уран экспорттаудың балама жолдарын іздейміз – Энергетика министрі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Геосаяси жағдайдың тұрақсыздығына байланысты Қазақстан уран тасымалдаудың балам жолдарын іздемекші. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«2022 жылдың қорытындысы бойынша уран өндіру көлемі 21,3 мың тонна болды. Тұрақсыз геосаяси жағдайды ескере отырып, 2023 жылы уран өнімдерін тасымалдау бағыттарын әртараптандыру мәселесі пысықталады», - деді Болат Ақшолақов.

Сондай-ақ ол былтыр желтоқсан айында Қытайға жылу бөлгіш құрастырмалардың бірінші партиясы жеткізілгенін еске салды.

«Биыл «Жылу энергетикасы туралы» заң қабылданады. Сапалы жөндеу науқанын қамтамасыз ету және инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылау саласында Атомдық және энергетикалық қадағалау комитетінің рөлін күшейту жоспарлануда», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар