«Уральскдорстрой» АҚ 32 млн. теңгеге жуық жалақы бережағын өтеді

None
None
ОРАЛ. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Орал қаласы прокуратурасы «Уральскдорстрой» АҚ-ның 320 жұмысшыға биылғы қаңтар, ақпан айлары үшін 31,996 млн. теңге бережақ болып отырғанын анықтады.

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жалақы уақтылы және толық төленбей, жұмысшылар алдындағы шарттық міндеттемелер орындалмаған. Қала прокурорының ұйғарымынан кейін ғана берешек толық өтелді.

Соңғы жаңалықтар