+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

ҰОС жылдары қаза тапқан қазақстандық жауынгердің мәйіті елімізге жеткізілді

2020 жылғы 9 мамыр 19:35
Бөлісіңіз:
ҰОС жылдары қаза тапқан қазақстандық жауынгердің мәйіті елімізге жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы толған күні ерекше оқиғамен басталды. 1942 жылдың қазан айында Смоленск түбіндегі шайқаста қаза тапқан қазақ сарбазының мәйіті əскери бортпен елордалық авиациялық базасына бүгін таңертең жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери қызметшінің мәйіті сәуір айының басында Смоленск облысының Темкин ауданында іздеу-барлау экспедициясын жүргізу кезінде табылды. Қайтыс болған жауынгердің сақтаулы қалған медалі арқылы аты-жөні анықталды. Белгісіз жауынгер Қарағанды облысы Шет ауданы Жастерек ауылының тумасы Медет Аманжолов болып шықты. Соғыс алдында ол әскерге шақырылып, 1941 жылы 24 жасында майданға аттанады. Оның соңғы қызмет орны 125-ші жеке атқыштар бригадасы болды.

Жауынгердің туыстары əлі күнге дейін Шет ауданында тұрады. 1942 жылы отбасы Медет Аманжолов Смоленскіні қорғауда ерлікпен қаза болғаны туралы хат алды. Көптеген жылдар бойы ұрпақтары оның жерленген жерін табуға тырысып, 78 жылдан кейін жауынгер Отанына оралды.

Соғыста қаза тапқан жауынгердің отбасы жерлеу орнына барғысы келді, бірақ төтенше жағдайға байланысты бұл мүмкін болмады. Қазақ жауынгерлерінің сүйектерін отанына қайтаруға әскери авиация күштері қол жеткізді. Жақын арада Шет ауданының Ағадыр зиратында жауынгерді әскери құрметпен қайта жерлеу үшін туыстарына берілетін болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT