Университеттік ауруханалар қай қалаларда салынады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев университеттік ауруханалар еліміздің қай қалаларында салынатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев денсаулық сақтау жүйесінің ресурстарын, атап айтқанда, 20 аурухананың құнын мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы қайта қарау керектігін ерекше атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігі Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Нұр-Сұлтан қалаларында 5 университеттік арухана салуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар Түркістан, Петропавл және Көкшетау қалаларында үш көпбейінді аурухана салынады. «Дені сау ұлт» ұлттық сау жобасын жүзеге асырудың бірінші кезеңінде құрылыс жұмыстарын 2025 жылға дейін аяқтау жоспарлаған», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, бұл нысандар мемлекеттік-жекешелік серіктестік республикалық жобаларының тізбесін оңтайландыру үшін салынады.

«Бұл ретте қалған 12 жоба кезең-кезеңмен 2026 жылдан бастап пайдалануға беріледі», - деді Жандос Бүркітбаев.


Соңғы жаңалықтар