+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Университеттерде оқыту қашықтан жүргізіледі – министр

2020 жылғы 4 тамыз 09:57
Бөлісіңіз:
Университеттерде оқыту қашықтан жүргізіледі – министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарында қашықтан оқыту жалғасатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асхат Аймағамбетов Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесті Нұрсұлтан Назарбаев қоры жасанды интеллектіге арналған оқыту жобасын іске қосты БҒМ: Мектептерді қаржыландыру және сатып алу үрдісінде ашықтық қамтамасыз етілуі тиіс

«Жоғары оқу орындарында оқыту негізінен қашықтан жүргізіледі. Бакалавриатта педагогикалық, IT, әлеуметтік және гуманитарлық бағыттар бойынша дәріс және семинар сабақтары қашықтан өткізіледі. Техникалық, аграрлық және табиғи бағыттар, медицина әрі өнер мамандықтары бойынша дәрістер мен семинарлардың 70 пайызы онлайн форматта, ал зертханалық және практикалық сабақтарды (30%) күшейтілген санитарлық шараларды қатаң сақтай отырып, жеке-жеке өткізуге мүмкіндік береміз», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, магистратура мен докторантурадағы сабақтар аралас принциппен оқытылады.

«Ал болашақ дәрігерлер оқитын интернатура мен резидентурада оқу дәстүрлі, штатты формата жүретін болады. Осы берілген бағдардың аясында әрбір ұйым өздері дербес шемім қабылдайды», - деді А. Аймағамбетов

Бұдан бұрын хабарланғандай, министр бастауыш сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар ашылатынын айтты.

Сонымен қатар, жаңа оқу жылында колледж студенттерінің білім алу тәртібін түсіндірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT