Университеттерде оқулықты планшеттер алмастыра ма - министрлік өкілі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Университеттерде оқулықтардың орнына планшеттерді қолдану бойынша іс-шаралар ұйымдастырлып жатқан жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ғылым және жоғары білім комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Зәки мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл негізінен Оқу-ағарту министрлігіне тиесілі. Өйткені, кітаптардың орнына планшет қолдану бастамасы көбіне мектеп оқушыларына бағытталған. Ол университеттерде негізінен мына «бұлтты есептеулер» бойынша қызмет табудың бір жолы ретінде қарастырылады. Ал оқулықтардың орнына планшеттерді қолдануды енгізу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып жатқан жоқ», - деді Дархан Ахмед-Зәки.

Сонымен қоса, ол брифинг аясында интернет нашар ауылдарда тұратын студенттер сессияны қалай тапсыратынын айтты.


Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар