Университеттер мен кәсіпорындардың жанынан мамандандырылған инжиниринг орталықтары ашылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында елдегі жетекші университеттер мен кәсіпорындардың жанынан мамандандырылған инжиниринг орталықтарын ашуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ғылым министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы шеңберінде ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін, олардың экономикалық әсерін арттыру жөнінде нақты шаралар көздесін», - деді Премьер-Министр.

Оның айтуынша, елде сәтті іске асқан ғылыми зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыру үшін министрлік инвестиция тарту ісіне де араласу керек.

«Атамекен» палатасымен бірлесіп, еліміздің жетекші университеттері мен ірі кәсіпорындарының жанынан мамандандырылған инжинирингтік орталықтар мен технологиялық парктерді құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қажет.

Ғылыми институттардың, университеттердің және өндірістің тиімді өзара іс-қимылы ғылымның дамуына және жаңа ғылыми жобаларды өндіріске енгізуге оң серпін береді», - деді Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар