Университет ректорлары жыл сайын халық алдында есеп беруге тиіс

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Университет ректорлары жыл сайын халық алдында есеп беруге тиіс. Бұл жайында Білім және ғылым министрі кезіндегі қызметі туралы есеп берген Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жоғары оқу орындары коммерциялық емес акционерлік қоғам формасына көшірілді. Бұл түскен табысты мемлекеттік бюджетке жібермей, университетті дамыту үшін бағыттауға мүмкіндік береді. Корпоративтік басқару – университеттерді дамытудың өте перспективалы құралы. Әрине, бұл реформа барлық ректордың көңілінен шықты деп айту қиын, өйткені енді университет бюджетін тек ректор бір өзі ғана бақылап, басқара алмайды», - деп жазды министр Facebook парақшасында.

Оның атап өтуінше, Директорлар кеңесі мен ЖОО басқармалары ректор өз позициясын қорғай алатын алқалы органдар ретінде әрекет етеді.

Директорлар кеңесіне азаматтық қоғам өкілдерінің көптеп тартылғаны да өте маңызды.

«Енді ұлттық жоғары оқу орындары ғана емес, барлық университеттің ректорлары жыл сайын қол жеткізген академиялық көрсеткіштер жайында ғана емес, бюджеттің атқарылуы туралы да халық алдында есеп беруге тиіс», - деді Асхат Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар