Универсиада ойындарының соңғы жарыс күнінің кестесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан 28-інші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың тоғызыншы күнінде Қазақстан құрамасы медальдық есептегі екінші орнын сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7 ақпан күні еліміз қоржыны бес медальмен толықты. «Алтын», «күміс» және «қоланы» биатлоншылар - Галина Вишневская, Роман Еремин және Антон Пантов сәйкесінше жеңіп алды. Сондай-ақ қола медальдарды шаңғышы Анна Шевченко, шорт-трекші Денис Никиша алып келді.

Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы осы күнге дейін барлығы 34 медаль еншіледі, оның 11 - алтын, 7 - күміс және 16 - қола. Бірінші орында 68 медальмен Ресей тұр (27-26-15). Үздік үштікті 21 медальмен Оңтүстік Корея тұйықтауда (11-5-5).


Назарларыңызға 8 ақпан - соңғы жарыс күнінің кестесін ұсынамыз:

Спорт түрі: Шайбалы хоккей - ерлер.

Өтетін орны - «Халық Арена»

Басталуы - 11:00. Канада - Чехия, қола үшін матч

15:00. Қазақстан-Ресей, финал

 

Спорт түрі: Шаңғы жарысы - ерлер.

Өтетін орны - «Алатау» шаңғы-биатлон кешені

Басталуы -10:00. Масс-старт 30 км. Медальдар ойнатылады.  


Осы күні сондай-ақ, «Алматы Арена» мұз кешенінде сағат 19.00-де Универсиада ойындарыныңжабылу салтанаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар