Универсиада ойындары: 31 қаңтар күнгі жарыс кестесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 қаңтар күні қазақстандық спортшылар Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарының медальдары үшін күресті жалғастыратын болады.

Назарларыңызға жарыс кестесін ұсынамыз.


Спорт түрі: Керлинг (ерлер және әйелдер). Топтық кезең.

Қазақстан-Швеция (ерлер), Қазақстан-Қытай (әйелдер), Қазақстан-Чехия (ерлер)

Басталуы  - бірінші кездесу 09.00; екіншісі - 14.00; үшіншісі - 19.00

Өтетін орны - «Алматы-Арена»

Билет құны - 500 теңге

 

Спорт түрі: Сноуборд. Параллельді слалом (ерлер, әйелдер).

Басталуы - 09.00 (параллельді слалом, квалификация); 14.00 (параллельді слалом, финал, медальдар ойнатылады)

Билет құны - 1500 теңге.

Өтетін орны - «Шымбұлақ» тау-шаңғысы шипажайы.    

 

Спорт түрі: Тау-шаңғысы спорты. Әйелдер. Комбинация (Супергигант, слалом).

Басталуы - 10.00 (комбинация, супергигант, медальдар сарапқа салынады); 13.30 (комбинация, супер-слалом, медальдар ойнатылады)

Билет құны - 1500 теңге

Өтетін орны - «Шымбұлақ» тау-шаңғысы шипажайы («Хабар» арнасынан көрсетіледі)

 

Спорт түрі: Шаңғы спорты. Өкшелеп қуу жарысы, 5 шақырым (әйелдер), 10 шақырым (ерлер).

Басталуы - 10.30 (әйелдер, медальдар сарапқа салынады); 13.00 (ерлер, медальдар сарапқа салынады)

Билет құны - 700-1000 теңге

Өтетін орны - «Алатау» шаңғы-биатлон кешені

 

Спорт түрі: Конькимен жүгіру спорты. 1500 метр (әйелдер), 5000 метр (ердер).

Басталуы - 11.00 (әйелдер, медальдар ойнатылады); 13.00 (ерлер, медальдар ойнатылады)

Билет құны - 1000-2000 теңге

Өтетін орны - «Медеу» мұз айдыны

 

Спорт түрі: Шаңғы қоссайысы. Ерлер.

Басталуы - 11.00 (трамплиннен секіру); 15.30 (шаңғы жарысы)

Билет құны - 500 теңге

Өтетін орны - «Алатау» шаңғы-биатлон кешені

 

Спорт түрі: Биатлон. Жеке жарыс (әйелдер  15 шақырым, ерлер 20 шақырым).

Басталуы - 11.15 (әйелдер), 14.15 (ерлер). («Хабар» арнасынан көрсетіледі)

Билет құны - 700 -1000 теңге

Өтетін орны - «Алатау» шаңғы-биатлон кешені

 

Спорт түрі: Фристайл. Акробатика. Аралас командалар.

Қазақстан 1, Қазақстан 2

Басталуы - 11.30 («Қазақстан» арнасынан көрсетіледі)

Билет құны - 700 теңге

Өтетін орны - «Табаған» спорт,ойын-сауық кешені

 

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең.

(Жапония-Корея)

Басталуы - 12.30

Билет құны - 500-700 теңге

Өтетін орны - «Халық-Арена»

 

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең.

(Словакия - АҚШ )

Басталуы - 16.00 («Хабар»)

Билет құны - 500-700 теңге

Өтетін орны - «Халық-Арена»

 

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Ерлер. Топтық кезең.

(Қазақстан - Швеция)

Басталуы - 19.30 («Хабар»)

Билет құны - 500-700 теңге

Өтетін орны - «Халық-Арена»

 

Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Қыздар. Топтық кезең.

(Жапония - АҚШ)

Басталуы - 20.00

Билет құны - 300 - 500 теңге

Өтетін орны - Б.Шолақ атындағы Спорт сарайы

 

Еске салайық,  30 қаңтар күні Қазақстан құрамасының қоржыны бір күнде бірден үш медальмен (бір күміс, екі қола) толығып, жалпы есепте бесінші орыннан көрінді.

Соңғы жаңалықтар