Универсиада, Оңай, Назарбаев даңғылы - 2017 жыл Алматыда несімен есте қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы 2017 жылды әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіштерін оң динамикамен аяқтап отыр. Тауық жылында қалалықтар түрлі реформаларды басынан өткерді.

Қаланың экономикалық даму қарқынының өсуі 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында - 4% болса, 11 ай ішінде негізгі капиталға 15,7% инвестиция тартылды.

Қаланың 2018 жылғы бюджеті 431,2 млрд теңге көлемінде бекітілді.

Биыл оңтүстік астанада қоғамдық, көлік, экономикалық салада түрлі реформалар жүзеге асып қана қоймай, қаланың келбеті мен бейнесі өзгерді.

2017 жылдың Алматыда өткен ең басты оқиғасы Универсиада еді. Айтулы шараға әлемнің 57 елінен 2000-ға жуық спортшы қатысты. Универсиада нысандары мен инфрақұрылым салуға республикалық бюджеттен 109 млрд теңге бөлінді.

Бауыржан Байбектің командасы Универсиададағы дайындық пен оны өткізуге бағытталған қаржыны 32 млрд теңгеден 17 млрд теңгеге (2 есе) дейін қысқартты.

2017 жылы Алматыда әкімдіктің ашықтығын қамтамасыз ететін «Open Almaty» жобасы жүзеге асты. Аталған порталдан қала тұрғындары балабақша, баспана, әлеуметтік төлемдер, коммуналдық мәселелері бойынша ақпарат ала алады.

Заманауи өзгеріс қаланың қоғамдық көліктеріне де келді.

Биыл скептиктердің қарсылығына қарамастан «Оңай» электрондық билеттендіру жүйесінде сараланған тариф енгізілді. Содан бері бері қалада қоғамдық көлікті пайдаланатындардың саны бірнеше есе артты. Оңай жүйесі енгізілгелі бері 1,5 млн карта сатылған.

Биыл Алматының тарихи орталығының үштен бірі қайта жасалып, толығымен түрленіп жатыр. Панфилов көшесі мен басқа да көшелер заманауи келбетпен Ян Гейл концеппциясы бойынша өзгерді.

2017 жылы заманауи өзгерістер қоғамдық көлік саласында да пайда болды.

2017 жылдың соңына қарай қаладағы автопарктердің 1/3-і жаңа автобустармен алмастырылды.

Биылдың өзінде Алматыда 530 жаңа автобус пайдалануға берілді. Жалпы 2017 жылы қала әкімдігі 675 автобус алуға келісімшарт жасасқан. Оның 530-ы жолға биыл шықса, 140-тан аса автобус келер жылдың алғашқы тоқсанында келеді.

Сонымен қатар, биыл Алматыда ақылы тұрақ жүйесі енгізілді. Соның арқасында бюджетке түсетін түсім көлемі 5 есеге артқан.

«Орбита» шағын ауданынан көк базарға дейін веложол салынды. 1730 велосипед қойылған 200 велостанса ашылды. Биыл тестілік режімде BRT жолы пайдалануға берілді. ЖРТ жүйесінің құрылысы жүріп жатыр.

Сонымен қатар, білім беру саласында да заманауи өзгерістер қабылданды.

2017 жылы Алматы мектептеріне 1-сыныпқа балалар электронды кезек арқылы қабылданды.

Алматыда 2017 жыл «Жастар жылы» деп жарияланған болатын. Биыл осы орайда бұрынғы трамвай депосының орнында жастарға арналған ЛОФТ орталық бой көтерді.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің құзырындағы ғылыми ұйымдардың 40 жасқа толмаған жас ғалымдары «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер кілтіне ие болды.

Бұдан өзге қалалық әкімдіктен 1 млрд теңге бөлінуінің арқасында «Алматы жастары» бағдарламасы арқылы 100 отбасы биылғы жаңа жылды өз баспанасында қарсы алады.

Сонымен қатар, өтіп бара жатқан жылдың  айтулы оқиғаларының бірі ретінде Фурманов көшесіне Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілуін айтуға болады. 

Соңғы жаңалықтар