Универсиада нысаны: «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Универсиада кезінде «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында тау шаңғысы, сноуборд, фристайл жарыстары өтеді.

Тұрғылықты жері: Алматы қаласы Медеу ауданы, Горная көшесі 640.

Орналасқан жері: Теңіз деңгейінен 2260 метр, Іле Алатауының баурайында.

Салынған жылы: 1954 ж.

Жаз айларында орташа ауа  температурасы  +20С. жетіп, қыста -7С. құрайды.

Шымбұлақ кешені күрделі жөндеуден өткен:

Ұзындығы 6 км болатын трасса екі есеге ұзарған.

Жолдар халықаралық таушаңғы спорты федерациясының(FIS) аттестациясынан өткен.

2011 жылы Алматыда өткен Азия ойындарына арналып, "Шымбұлаққа" дейін, "Медеу" мұз айдынынан басталатын заманауи аспалы жол салынған.  Барлығы 114 жайлы кабиналар бір сағатта  2500-3000 адамды тасымалдай алады.

Соңғы жаңалықтар