Универсиада нысандары: «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешені

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Универсиада-2017 кезінде ең әсерлі  ойындар саналатын - трамплин, тұғырдан секіру мен шаңғы қоссайысы «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешенінде өтеді.


Іргесі 2010 жылы қаланған бұл кешеннің көлемі 28163 шаршы метр, мінбеде 5200 орындық бар.

Нысан екі аймақтан тұрады - біріншісі халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізетін, екіншісі оқу-жаттығулар ұйымдастырылатын аймақтар. Бұдан бөлек, мұнда бес трамплин: халықаралық деңгейдегі К-125 тұғыры (әлем бойынша көп кездесе бермейтін ең үлкен трамплиндердің бірі), К-95 (әлем бойынша 300 ғана) және балаларға арналған - К-60, К-40, К-20 тұғырлары бар.

Әмбебап тұғырларда қарда ғана емес жасанды төсенішпен сырғанап, секіруге де болады. Төрешілер блогы, аспалы жол, паркинг, медиа орталық бар.

Орналасқан жері: Алматы қаласы, Аль-Фараби даңғылымен оңтүстікке қарай.

Соңғы жаңалықтар