+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Универсиада нысандары: «Медеу» мұз айдыны

2017 жылғы 3 қаңтар 13:13
Бөлісіңіз:
Универсиада нысандары: «Медеу» мұз айдыны

АСТАНА. ҚазАқпарат - 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтетін 28-інші Дүниежүзілік Қысқы универсиада нысандарының бірі - «Медеу» мұз айдыны.



«Медеу» қысқы спорт түрлері бойынша әлемдегі ең ірі биік таулы кешен болып табылады. Медеу мұз айдыны биік таулар, атмосфералық төмен қысым мен таза тау суы арқылы кең танымалдылыққа ие болды.

Мұз айдынының Атлеттер қалашығымен арасы 30.6 шақырымды құрайды. Іргесі 1972 жылы қаланып, бүгінде 8 300 адамды қабылдауға қауқарлы. Онда 4 киім ауыстыру бөлмесі, төрешілер бригадасына арналған 4 бөлме, 200 шаршы метрлік жаттығу залы, баспасөз орталығы/медиа орталық, VIP аймағы, спортшылар мен көрермендерге арналған тамақтану аймағы, комментаторлық орындар бар.

1972 жалдан бастап, «Медеуде» 120 әлемдік рекорд орнаған. Осы орайда, мұз айдынын «рекордтар ұстаханасы» деп атаған.

Күрделі жөндеуден өткеннен кейін, VII қысқы Азия ойындарында мұз айдыны жаңа келбетке ие болды. Бүгінде «Медеу» Алматы тұрғындары мен қонақтарының конькимен сырғанаудан танымал орны болып табылады.

Универсиада кезінде өтетін спорт жарыстары:

Конькимен жүгіру - 2017 жылғы 31 қаңтар мен 6 ақпан аралығы

Бенди - допты хоккей - 2017 жылғы 31 қаңтар мен 7 ақпан аралығы

Орналасқан жері: Алматы қ, Горная көшесі, 465


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Универсиада,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT