Универсиада нысандары: «Алматы Aрена»

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 28-інші Дүниежүзілік Қысқы универсиада ойындары өтетін нысандардың бірі «Алматы Aрена» стадионы.


Нысан 12 000 көрерменге арналған.

Атлетикалық қалашықтан арақашықтығы 700 метрді құрайды.

Аумақтың жалпы ауданы: 10 734 га. Құрылыстың аумағы: 29 710,94 шаршы метр.

Мұз сарайы 12000 орындық мәнерлеп сырғанауға арналған Бас арена мен 475 орындық Керлингке арналған Кіші аренадан құралған.

Мұз сарайы 2017 Қысқы Универсиаданың ең үлкен спорттық нысаны болып табылады. Көп функциялы кешен Универсиада мұрасы ретінде Қазақстанның жетекші спорттық ғимараттарының бірі ретінде жылына 600 мың көрермен қабылдайтын болады.

Ауқымды концерттер өткізу үшін сахналық дыбыс пен жарық мәселелері заманауи тұрғыда шешімін тапқан. Жабдықталған залдары, келіссөздер жүргізетін бөлмелері бар нысан конференциялар, форумдар және әртүрлі деңгейдегі көрмелер өткізуге өте ыңғайлы жобаланған. Мұз айдыны кәсіпқой спортшылар үшін тұрақты жаттығу нысанына айналады.

Ойындар кезінде сарайда ашылу және жабылу салтанаттары, бас аренада - мәнерлеп сырғанау, кіші аренада керлингтен жарыстар өтеді.

Нысанның орналасқан жері: Алматы қ. Алатау ауданы, Момышұлы көшесінің бойында, (Т.Рыскұлов даңғылының солтүстігіне қарай)









Соңғы жаңалықтар