Универсиада кезінде бірқатар атлеттердің денсаулығынан ақау табылған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Универсиада кезінде денсаулығынан ақау табылған атлеттер болды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің арнайы сауалына жауап берген 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың ресми серіктесі болып, медициналық-зертханалық қызмет ұсынған «INVITRO» компаниясының стратегиялық даму директоры, денсаулық сақтау магистрі Райхан Мамырова мәлім етті.

«Универсиада кезінде денсаулығынан ақау табылған атлеттер болды. Нақтырақ айтқанда, өкпе қабынуы және бронxит секілді жедел инфекциялы аурумен ауырған атлеттер болды және спортшыларға тән көрсеткіштердің өзгеруін де байқадық», - деді Райхан Мамырова.

Ол сондай-ақ бірқатар елдің спортшыларының денсаулығы айтарлықтай жақсы екенін байқағанын айтты.

null 

«Украина, Беларусь, Ресей мен Қытай, Ұлыбритания, Нидерланды, Италия, Польша елдерінен келген спортшылардың денсаулығы мықты екенін байқадық. Украиналық делегацияның екі өкілі біздің медициналық кеңседе қан тапсырып, біздің кызметкердердің қызметіне тәнті болғаны соншалық, қан нәтижесін алуға келгенде арнайы қолдан жасалған сандықша және қолмен безендірілген Украина жалауын сыйға тартты», - деді Райхан Мамырова.

Айта кетейік, «INVITRO» компаниясы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың ресми серіктесі болып, барлық спорттық шаралар кезінде спортшыларды медициналық тексеру бойынша зертханалық қызмет ұсынды.

null 

Зертханалық қызмет Атлеттер қалашығында жүзеге асырылды. Спортшылар үшін компания 13 зертханалық тексеру қызметі жүргізілді. Оның ішінде, жалпы қан анализі, АЛТ, АСТ, жалпы билирубин, тура билирубин, жалпы ақуыз, глюкоза, креатинин, микроэлементтер: Калий, Натрий, йондалған Кальций, тестостерон, кортизол, креатинфосфокиназа сынды анализдер алынды. 

Соңғы жаңалықтар