Универсиада: Қазақстандық шаңғышы төртінші орынды місе тұтты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шаңғышы Ксения Шалыгина АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан Қысқы Универсиадада бес шақырымға калссикалық үлгіде жекелей сында сайысқа түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық шаңғышы мәре сызығын төртінші болып қиды.

Аталған сайыста бас жүлде 13:20.8 көрсеткішімен финляндиялық Хиллы Ниемелаға бұйырды. Ол Ксения Шалыгинадан 25.5 секунд алда келді.

Екінші орынды эстониялық Мариэль Мерлии Пуллес алса, үздік үштікті Марии Боккарди түйіндеді.

Бұл сайыста тағы бір қазақстандық Надежда Степашина тоғызыншы орынды місе тұтты. Көрсеткіші - 14:13.4.

Қазірге дейін алғашқы алтын медальді биатлоншы Вадим Куралес салса, одан кейін шаңғымен секіру спортынан Данил Васильев чемпион атанды.

Соңғы жаңалықтар