Универсиада: Қазақстандық могулдан «күміс» алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Красноярск қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында параллельді могул бәсекесі аяқталып, қазақстандық Павел Колмаков күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Іріктеу кезеңінен суперфиналға дейін жеңілмеген Колмаков алтын үшін тартысты жапондық Икума Хоришимамен кездесіп, 10:15 есебімен ол берді.

Жекелеген сында Павел Колмаков жүлдесіз қалған болатын.

Параллельді могулдан қола жүлдені франциялық Бенджамин Кавет иеленді.

Соңғы жаңалықтар