Универсиада: Қазақстандық биатлоншылар жүлдеге ілікпей қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада биатлоннан 12,5 шақырымға ізбе-із жарысудан сайыс өтті. Онда қазақстандық 4 спортшы бақ сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған дисциплинада еліміз атынан Бекентай Тұрлыбеков, Александр Мухин, Кирилл Бауэр және Вадим Куралес жарыс жолына шықты. Олардың арасында Кирилл Бауэр мәре сызығын бесінші болып қиды.

Алтын жүлде америкалық биатлоншы Бьорн Уэстервелтке бұйырса, күміс медальді украиналық Дмитрий Грущак, қоланы польшалық Войцех Яник алды.

Биатлон. Ерлер. Ізбе-із жарысу. 12,5 шақырым.

1. Бьорн Уэстервелт (АҚШ) – 35:38.3 (1+2+1+0)

2. Дмитрий Грущак (Украина) – +48.0 (0+0+0+1)

3. Войцех Яник (Польша) – +1:08.1 (0+2+1+1)

5. Кирилл Бауэр (Қазақстан) – +1:18.6 (0+0+2+2)

6. Александр Мухин (Қазақстан) – +1:48.2 (1+1+1+2)

9. Вадим Куралес (Қазақстан) – +2:06.3 (2+0+2+2)

14. Бекентай Турлубеков (Қазақстан) – +3:27.6 (2+1+1+2)

Еске салсақ, қысқы Универсиадада алғашқы алтын медальді биатлоншы Вадим Куралес алса, шаңғымен трамплиннен секіруден Данил Васильев екінші «алтынды» әкелді. Сондай-ақ биатлоншы Бекентай Тұрлыбеков 10 шақырымға спринт жарысында чемпион атанды. Тағы бір биатлоншы Александр Мухин қола жүлдегер болды.


Фото: sports.kz

Соңғы жаңалықтар