Универсиада: Қазақстандық биатлоншылар аралас эстафетада төртінші болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылғы қысқы Универсиадада биатлоншылар арасында жекелей аралас эстафета өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздің атынан Арина Крюкова мен Александр Мухин сайысқа түсті. Нәтижесінде қазақстандықтар төртінші орынға тұрақтады. Олар жарыс жеңімпазынан 1 минут 16.6 секундқа қалып қойды.

Бас жүлде чехиялық Тереза Яндова мен Якуб Кочанға бұйырды. Одан кейінгі орынды франциялық Полин Машу мен Аксель Гарнье еншілесе, қола жүлде украиналық Юлия Городна мен Степан Кинашқа бұйырды.

Еске салсақ, бүгін шаңғымен секіру спортынан Данил Васильев Универсиаданың екінші «алтынын» алғанын жазған едік. Алғашқы алтын жүлдені 14 қаңтарда биатлоншы Вадим Куралес жеңіп алған болатын.

17 қаңтарда Қазақстан студенттер құрамасы медальдар кестесінде 10-орыннан 6-ға көтерілді.


Фото: sports.kz



Соңғы жаңалықтар