Универсиада: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде оныншы орында тұр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2023 жылғы Қысқы Универсиадада бесінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде оныншы орынға жайғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүбірлі дода АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатыр. Қысқы Универсиада 12 қаңтарда басталды, 22 қаңтар күні мәресіне жетеді.

Әзірге ел құрамасы қоржынында жалғыз алтын медаль бар.

14 қаңтарда қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиған еді.

15-16 қаңтар күндері қазақстандық спортшылар жүлдеге іліге алған жоқ. Қазақстан құрамасы алтын жүлдемен медальдар кестесінде оныншы орынды Эстониямен бөлісіп тұр.

Медальдар кестесінде жүлдеге іліккен 16 құрама енгізілген.

Көш басында Жапония 14 (8-2-1) медальмен келе жатса, одан кейінгі орындардағы Францияның 7 (2-1-4), Чехияның 3 (1-1-2) медалі бар.

2023 жылғы қысқы универсиаданың бесінші ойын күнінен кейінгі медальдар кестесі:

1. Жапония 8-5-1

2. Франция 2-1-4

3. Чехия 1-1-2

4. Финляндия 1-1-1

4. Испания 1-1-1

5. Германия 1-0-2

5. Оңтүстік Корея 1-0-1

8. Канада 1-0-1

8. Швейцария 1-0-1

10. Қазақстан 1-0-0

11. Эстония 1-0-0

12. АҚШ 0-4-0

13. Норвегия 0-2-1

13. Польша 0-2-0

15. Италия 0-1-0

Еске салсақ, дүбірлі додада еліміздің атынан 78 спортшы бақ сынап жатыр.

Соңғы жаңалықтар